Аналар ауырмасын! Өз басымнан өткен өмірімді айта кетсем деп бастады, жаңадан дінге келген бір мұсылман бауырымыз. Кішкентай бала едім, Анашым бар тәттісін маған беруші еді, өзі жұмысынан шаршап келсе де шаршағанын білдірмей, үйге күліп кіретін. Үйдегі жалғыз ұл болған соң ерке болып өстім, талай еркелікпен анамды ренжітсем де, анам маңдайымнан сыйпалап, Ұлым ақымақ болма дейтін. Жылдар зулап сырғып өте шықты, ерке бала ер жетіп, Анам да той жасады, бірақ бұл тойды анам қаламады, еркелігім басылмаған екен, анама қарсы келіп үйленіп той күні де өтті. Үйленген соң анамнан, жарым жақын болып, анамды ренжітуді қоймадым. Ұлым дүниеге келгенде ғана еркелігім басылды, ол кезде анам ауырып жүрген болатын. Анамнан бөлек тұратын едік, анама қарасын деп келіншегімді жіберетінмін, бірақ келіншегім анамды жақтырмады. Енді таңдау кезі келгендей еді, Анам әлде, келіншегім. Келіншегім тәрбиеге көнбеді. бұл жолы таңдауым анам еді. Әлі де ауырған анамның жұмсақ алақанында ұйықтағанда өзімді жаңа туылғандай сезінемін. Анамның аяғынан құшақтап отырып, үнсіз ғана Жәнатім неткен керемет деп жылап та алатынмын. Анамсыз өмірді елестете алмас едім. Сол үшін кеш болса да Анамның қасында қорғаны болғым келеді. Кейде үйлен деген анамның сөзін естігенде, Анама мен секілді қорған болатын жан табылмасын білемін деп көзіне ерік берді тәубесіне келген бауырымыз.

Теги других блогов: мұсылман өмір ана қорғау